Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең ірі мегаполис Дубай қаласы ХХІ ғасырдағы жаңа техналогияларды  күнделікті тұрмысқа пайдаланумен әлемде көшбасшы болып табылады. Ал қалада соңғы уақытта қолданысқа енгізілген жаңа инновациялық  техналогиялардың бірі – робот-полиция фантастикалық фильмдердің ақиқатқа айналуындағы қадамдардың бірі іспетті.

Адам кейпінде жасалған Рим роботы 2011 жылы испаниялық PAL Robotics компаниясында жасалған. Роботтардың міндеті – әуежай, мұражай, аурухана секілді қоғамдық орындарда интерактивті хабарламаны тарату.

Римді жұмысқа бейімдеу шаралары Дубай полициялары мен PAL Robotics компаниясының инжинерлерімен жүргізіліп, жұмыс 2016 жылы толық аяқталған болатын.

Қалалық полицияның бастығы, генерал Халид Насер Альразуукидің CNN арнасына берген сұхбатында: «Роботтар алдымен адамдар көп жүретін сауда орталықтарында, туристік орындарда сынақтан өткізіледі. Кейін робокоптарға айыппұлдарды қабылдап, тәртіп бұзушыларды тіркеп, азаматтардың арыздарын сараптау да тапсырылатын болады» - деген.

Қала әкімшілігінің жоспарына сәйкес, 2020 жылға дейін робот-полициялардың мобильді нұсқаларын шығаруды, ал 2030 жылға дейін тәртіп сақшыларының 25 пайызын осы тектес роботтар қамтитындай нәтижеге жеткізбек.

“The Qazaq Times”