АҚШ Орталық банкінің 19 мамырда жариялаған хабарына қарағанда, америкалық отбасылардың әлеуметтік жағдайы жалпы жақтан «жеңілдетілгенімен», әр үшінші отбасы қаржылық қиыншылықта өмір сүріп жатыр. Бұл туралы "Хинхуа" агенттігінің ресми сайты хабарлап отыр.

АҚШ ФРЖ-ның 2016 жылғы Отбасылық қаржылық жағдайға жүргізген тексеру қорытындысы бойынша, 73 млн америкалық ұқсамаған деңгейдегі қаржылық қиыншылықта өмір сүріп отыр. Бұлардың басым көбі қара нәсілді және испан текті америкалықтарды құрап отыр.

Сонымен бірге америкалықтардың жартысына жуығы (44 пайызы) 400 доллар шамасындағы қосымша қаражатты, бөліп төлеу немесе банктің кепіл болуынсыз төлей алмайды.

ФРЖ-ның айтуынша күнделікті шығындардың басым бөлегі ересектер мен орта жастағылардың мойынында екен. Егер күтпеген қиыншылықтарға тап болып ақша жұмсау керек болғанда еріксіз үкіметтің немесе банктің көмегіне жүгінбек.

Құрама Штаттағы отбасылар үшін алып айтқанда, медициналық шығыстар ең үлкен ауыртпашылық болуда. Бұл Ақүйдегі дау-дамайдың да ең басты тақырыбына айналып тұр. Өткен жылы 10 пайыз америкалық медициналық қаражатын толық өтей алмаған.

АҚШ студенттері ең ауыр қаржылық қиыншылықта өмір сүріп отырған адамдар болып саналады. Колледж студенттерінің басым көбі қарызға байланған.

Десе де, жоғарыда аталған тексеру нәтижесіне қарағанда 2016 жылы америкалық отбасылардың қаржылық жағдайы аздап жақсарған. Айталық, 70 пайыз отбасы жеңілдетілген тұрмыстық жағдайда отыр деуге болады. 2013 және 2015 жылдары бұл көрсеткіш 62 пайыз бен 69 пайызды көрсеткен екен.

“The Qazaq Times”