Қазақстанның Ұлттық банкі 24 мамыр күні Әзербайжан халықаралық банкіне салынған зейнетақы жинақтарына қатысты жағдайды түсіндіреді. Бұл туралы банк төрғасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

«Ертең Алматыда баспасөз конференциясы өтеді, сол кезде сұрақтарға жауап береміз", - деді Ақышев Үкімет отырысынан кейін  журналистерге.

«БЖЗҚ жағдайы жұмыс тәртібінде бар, үкімет, премьер-министр, мемлекет басшысына хабарлану керек, содан кейін барып шешім қабылданған соң Ұлттық банк ақпаратты толық ұсынады", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Әзербайжанның банкроттық  жағдайда тұрған банкіне қазақстандықтардың 71,3 млд теңге зейнетақы жинақтары салынғаны туралы хабарланған. Енді қазақстандықтар "салынған қаржы қайтпай қалуы мүмкі"н деп қауіптеніп отыр.  Дегенмен Әзербайжан билігі "қаражат қайтарылады" дейді.

“The Qazaq Times”