Ақ үйде өткен Федералды бюджеттің жаңа жобасына сәйкес АҚШ басқармасы 2018 жылы ядролық қауіпсіздікке бөлінетін қаржыны арттыруды көздеп отыр.

Талқылауға ұсынылған құжатта: «Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасына бөлінетін қаржы мөлшерін 2017 жылға қарағанда 1,4 миллиард  долларға арттыру» - турасындағы ұсыныс айтылған.

Энергетика министрлігіне кіретін бұл саладағы қаржы мөлшері, ұсыныс қабылданса 11 пайызға артуы мүмкін.

Құжатта жалпы энергетика саласына бөлінген қаржы мөлшері 28 миллиард доллар екені көрсетілген.

“The Qazaq Times”