2016 жылы темір жол арқылы жүк және багажды тасымалдаудан түскен табыс 642,9 млрд теңгені құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады. 

2015 жылмен салыстырғанда жүк тасымалы 1,3%-ға өскен. Жалпы 2016 жылдың 12 айында 214,7 млн тонна тауар тасымалданған. Оның ең көп бөлігі тас көмірге(42,2%), құрылыс материалдары  (14,4%) және темір рудасына (9,1%) Осы кезеңде жүк айналымы 236,9 млрд ткм (өсім 2%) құрады.

Ал жолаушылар тасымалынан түскен табыс 86,7 млрд теңгені құрап,  3,3%-ға артқан. Бір жылда 22,3 млн адам тасымалданған.

"The Qazaq Times"