2017 жылдың 1 маусымынан бастап дизель отынының акциздік бағасы тоннасына 9300 теңгені құрайды. Осылайша оның бөлшек бағасы жанармай бекеттеріндегі бағаға әсер етуі мүмкін. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Компанияның түсіндіруінше, дизель отынының акциз бағасын көтеру мерзімін маусым айына ауыстыру мамыр және сәуір айындағы бағаның бірден көтеріліп кетпеуіне әсер еткен.

«Бұл шешім егіс науқаны кезінде ауыл шарушылығы тауарларын өндірушілерге субсидияланған дизель отынынының арзан бағамен берілуін қамтамасыз етті.  Қазіргі кезде отын бағасы ірі жанармай бекеттерінде 135-136 теңгеден сатылып жатыр. Ал аграилерге ұсынылған баға 122-128 теңгені құрады", - деп мәлімдеді «ҚазМұнайГаз Өнімдері» өкілдері.

2017 жылдың 1 маусымынан бастап дизель отынының акциздік бағасы тоннасына 9300 теңгемен бекіті туралы шешім «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" ҚР Үкіметінің  2017 жылдың 31 наурызындағы Жарлығына сәйкес қабылданған. Енді акциздік мөлшерлеменің  көтерілуіне байланысты отынның бөлшек бағасы литріне 7,3 теңеге көтеріледі және бұл жанар-жағармай бекеттеріндегі бағаға әсер етеді.

Компания өкілдерінің сөзінше, акциз мөлшерлемесінің өзгеруі Қазақстан мен көрші елдердегі дизель бағасының айырмашылығын төмендету үшін жасалып отыр. Сондай-ақ, көгілдір отын бағасының біртіндеп көтерілуі нарықтағы тенденцияға да байланысты екен. Мысалы басқа елдерде бензин мен дизельдің бағасы тең. Ал Ресейде мұндай мұнай өнімдерінің бағасы шамамен 208-209 теңгені құрайтын көрінеді.

"The Qazaq Times"