Көршілес Ресей мен Қытай елінің әскери салаға арналған сайттарында Қазақстан қарулы күштері туралы мәліметтер көптеп кездеседі. Тіпті, олардың көрсеткен санды мәліметтері кісіні қайран қалдырарлық. Ал, Бұны Қазақстан азаматтарының басым көбі біле бермейді. Осыдан-ақ, көршілес елдердің қазақстандық қорғаныс күштерін қалт жібермей қарап отыратынын аңғару қиын емес. Әрине, информация дәуірінде бір елдегі құпиялықтың шетелдерде жарияланып жатуы таңқалдыра қоймас.  Десек те, олардың бізді мұншалық деңгейде білгеніне қарап, біз оларды қаншалық білеміз деген сұрақ туады.

Қытайда жалпы әскери істерге арналған ірілі-ұсақты 30-дан астам сайт бар. Оның 18-і аса маңызды деген әскери істер туралы хабарды үзбей таратып тұрады. Солардың бірі (cankaoxiaoxi.com) ресейлік әскери сайттардың біріне сілтеме жасай отырып «Орта Азиядағы әскери қуаты ең күшті Қазақстан әрмиясы – Орталық Азиядағы теңдессіз Армия» деген тақырыпта мақала жариялап, Қазақстан қарулы күштері туралы егжей-тегжейлі мәліметтер берген екен. Аталған мақалада Қазақстан армиясы туралы былай деген:

Қазақстан армиясы 1992 жылы ҚР президенті Н.Назарбаевтың бұйрығымен құрылған. Қазір Қазақстан армиясы Орта Азия бойынша бірінші орында, ТМД көлемінде екінші орындағы әскери қосын. Кеңес Одағы кезінде Қазақстанда тұрақты орналасқан кеңестік қуатты әскери базалары болды. Стратегиялық басқарылмалы ракеталар қосыны (екі бөлімнен тұратын зымыран бөлімшесі) және стратегиялық авиациялық қосын (№79 ауыр типті бомбылаушы ұшақтар полкі) қатарлы маңызды әскери қосындар ұзақ уақыт Қазақстанда тұрған.  Бұдан басқа Қазақстан жерінде халықаралық ғарышқа ұшыру айлағы мен ядролық сынақ полигондары да орналасқан. (Семей полоигоны, Байқоңыр ғарышқа ұшу орталығы, тағы басқа да зымырандарды ату-жару сынақ алаңдары).

ҚР Қурлықтық қосыны Фото: Егемен Қазақстан

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, Қазақстан, жоғарыда айтылғандай, 200 мың адамдық әскери техникаға иелік етті. Бұрынғы стратегиялық зымырандар қосыны ТМД-ның біріккен армиясы болып қалыптасты. 1993 жылы Қазақстан атом қаруларынан бастарту келісіміне қол қойды. 1996 жылға дейін Қазақстанда атом қаруларының базасы жойылып, өзге ядролық қаруларды, 95MS типті соғыс ұшақтары мен құдық түбінен атылатын басқарылмалы бомбылар Ресейге тасып әкетілді.

Қазір Қазақстанда төрт ірі әскери өңірлік қолбасшылық штап бар. ҚР Құрлық армиясында 10 ірі броно техникалар мен жабдықталған бригада, 7 артиллерия бригадасы, 3 зымырандар қосыны, екі танкке қарсы бригадамен қоса үш инженерлік батальоннан құралған.

Қазақстанның Әуе қорғаныс күштері ең сұрыпталған әскери қосын болып табылады. Ол тек ең жоғары әскери қолбасшының (президенттің) бұйрығына бағынады. Әскери немесе саяси өзгерістер секілді шұғыл жағдайға төтеп беру үшін пайдаланылады. Әскер саны шамамен 6 мыңның айналасында. (Төрт құрлықтық шабуыл қосыны мен бір бейбітшілікті сақтау қосынынан құрам табады).

Әуе қорғаныс күштері Фото: survincity.com

ҚР Әуе шабуылынан қорғану қосыны Әуе армиясы мен сымсыз-радио техника қосыны және әуе шабуылынан сақтану қосынынан құралған. Әуе күштерінде екі шабуылдаушы ұшақтар қосыны (шамамен 100-ге тарта шабуылдаушы ұшақ бар, бұлар негізінен МИГ-29 бен МИГ-31 тұрпатты ұшақтың өзгертілген нұсқасы), Әуе тасымалы және авиациялық операциялар қосыны, барлау полкі (СУ-24MR), үш әуеден шабуылдаушы полк (шамамен 50-ге жуық СУ-24, СУ-25, СУ-27 техникалары бар) және үш тікұшақ полкі (40-тан астам Ми-24, 70 шамасындағы Ми-8 және Ми 171, 6 дана Bell-205) бар. Бұл техникаларды жүргізетін әскерлердің жылдық ұшу-жатығуы 100 сағаттан асады.

Қазақстан қарулы күші, бұнымен қоса, Теңіз армиясы, Теңіз армиясының құрлықта соғыс жүргізу қосыны, Кәспи теңіз флоты, Теңіз маңы әскери артиллериясы мен Теңіз үсті әуе соғыс құрамаларымен толықтанады. Каспи флотында 20-ға жуық әскери корабльдер бар.

"T-72BA" Фото: survincity.com

Бұған қосымша, мемлекеттік қауіпсіздікті сақтау қосындары өзге де қарулы құрамалар бар. Айталық, президент пен үкіметтің амандығын қорғайтын 25 мың адамдық ұлттық гвардиясы, 20 мың адамнан тұратын Ішікі істер министрлігінің қарамағындағы ішкі қауіпсіздік күштері және ҰҚК-ның шекара қорғау қосындары (9 мың адам). Соғыс кезінде ішкі әскердің басқару құқығы қарулы күштерге қолбасшылық ету бас штабына өтеді.

ауд. Мәуе Мақан

"The Qazaq Times"