Сіз өміріңізде бір рет болсын арабтар мен еврейлердің неліктен оңнан солға қарай жазатыны туралы ойланып көрген шығарсыз. Шынымен, неліктен кей жазбаларда осындай айырмашалықтар бар және оларды белгілі бір ережелер негізінде бір қалыпқа келтіру неліктен мүмкін болмады? Осы сауалдарға жауап іздеп көрсек.

Бұл әлемдік тілдер мен жазбалардың қатарында аса кең таралмағанымен, кей мәденитеттерде әлі күнге дейін қолданылып келе жатқан жазу стилі. Қарап тұрсақ, араб, ирвит  тілдері семит  тілдері тобына кіретін әлемдегі ең көне жазу  болып табылады.

Бұл жазу пайда болғанда адамзат баласы қағазды (2 мың жыл бұрын ойлап тапқанын ескерсек),  тіпті папирусты да пайдалана бастамаған кезең еді. Демек, ақпарат  тасымалдайтын жалғыз дүние – тастар мен үңгірлердің, жартастардың қабырғалары болған. Бұл фактіге сүйене отырып, сауалдың жауабы тым қарапайым, әрі логикалық екендігін ұғамыз.

Көне дәуірлерде өмір сүрген адамзат баласы ақпаратты сақтап, тарату үшін тастарды пайдаланғаны белгілі. Ал жер бетіндегі адамдардың 85 пайызы оңқай болатынын ескерер болсақ, сол кездері тасқа жазу үшін балғаны немесе ұратын затты адам оң қолына ұстап, ал қашауды сәйкесінше сол қолына ұстаған. Содан, бұл тәсілмен оңнан солға қарай жазу тиімді екені белгілі.

Сонымен қатар, еврей әліпбиіне зер сала қарасаңыз, әріптердің құрылымы да бір қатты затқа жазылған таңбаларға ұқсас келеді. Егер оларды қаламмен немесе қауырсынмен жазатын болса, мүлде басқа формаға енер еді.

Ал тастарды басқа да ақпарат тасымалдайтын дүниелер алмастырғаннан кейін, көне заманнан қалыптасқан жазу стилі мен әліпби сол күйі сақталып қалған.

“The Qazaq Times”