Сол жердің жергілікті уақытымен 14 мамыр күні, Эммануэль Макрон ресми түрде Францияның президенті болып бекітілді. Немесе Францияның Наполеоннан бергі тарихтағы ең жас президенті елдің басшылық қызметін бастап кетті. Франция ақпарат құралдарының бүгінгі жариялаған хабарында, Макрон бүгін премьер-министрді тағайындағаннан кейін, бірден шетелдегі ресми сапарын бастайды. Алғашқы шетелдегі мемлекеттік сапарын Германиядан бастамақ. Францияның жаңа президенті Германия канцлері Ангела Меркельмен 15 мамырда кездеседі.

Ұлыбритания, BBC-дің хабарлауынша, Эммануэль Макронның президенттігін ұлықтау салтанаты Париждегі Елисей сарайында 14 мамыр түстен бұрын болып өтті. Бұрынғы президент Олланд пен Макрон екеуі жарты сағаттық құпия кеңесте болды. Бұл құпия кеңес Францияның ядролық қару кілтсөзін тапсырып беруді де қамтиды.

Ұлықтау салтанатында Макрон: «Мен дәл осы кештен бастап өзім уәде еткендей жұмысқа кірісемін», – деді. Сонымен бірге Францияға тән сенімділікті қалпына келтіруге бар күшін жұмсайтынын айтты. Ол Францияның қазір ауыр жағдайда тұрғанын – мигранттар мәселесі, терроризм, климаттың өзгеруі тағы басқа да мәселелерге жауап табу керек екенін қадай айтты. Макрон сөзінде: «Еуропаны қайта құру керек; Франция халқының арасында салыстырып тексеруге күш салу керек; Франциялықтардың болашаққа деген сенімін нығайту керек», – деді.

"The Qazaq Times"