АҚШ пен Ресей әскери ұшақтары бір аптада екі рет ұшырасып қалды. Бұл жолы екі елдің әскери ұшақтары 12 метрге дейін жақындап келді. АҚШ Теңіз армиясының хабарлауынша, 12 мамыр күні Қаратеңіз кеңістігінде Ресейдің Су-27 жойғыш ұшағымен АҚШ-тың P-8 сүңгуір қайыққа қарсы шарлаушы ұшағына кездесіп қалған. Бұл әлем ақпарат кеңістігінде екі ел ұшағының бір аптада екі рет «тосын да әсерлі кездесуі» деп аталды.

13 мамыр күні, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Америкаға жасаған сапарын аяқтап, еліне қайтқалы тұрған еді. Тіпті, бұл сапарда екі жақты қарым-қатынастарды жақсарту турасында да келіссөздер жасалған болатын. Ресейдің «ТАСС» ақпараттық агенттігі 14 мамыр күні Fox News-ке берген ақпаратында да осы туралы айтылды. Онда АҚШ Теңіз армиясының хабарламасына сілтеме жасалған: «12 мамыр күні АҚШ P-8 шарлаушы ұшағы, Қырым жағалауына 160 шақырым қашықтықтағы Қаратеңіз халықаралық әуе кеңістігінен ұшып өтті» деп мәлімдеген болатын.

Ресей жіберген Су-27 жойғыш ұшағы мен АҚШ  P-8 шарлаушы ұшағы кеңістікте иық тіресе ұшқан. Тіпті екі ұшақтың арасы 12-ақ метрге дейін жақын келген. АҚШ Теңіз армия жағы Ресейдің бұл әрекеті толықтай арандатушылық деп айыптап отыр. Олар ресейлік Су-27 ұшағының өзімен бірге әуе зымыранын да алып жүргенін атап айтты. Бірақ, бұл туралы Ресей Қорғаныс министрі әліге дейін мәлімет бермей отыр.

“The Qazaq Times”