Норвегия астансы Осло қаласында Солтүстік Корея СІМ Чхве Сон Хи бастаған делигациясы АҚШ-тың New America орталығының сарапшыларымен кездесу өткізді.

Ослодан Қытай астансы Бейжиңге келіссөз жүргізуге келген Чхве Сон Хи, Солтүстік Корея билігі қажетті жағдайлар жасалса АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын екендігін айтты деп хабарлады Оңтүстік Корея ақпарат агенттігі Ренхап.

Бұдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР басшысы Ким Чен Ынмен кездесу ол үшін үлкен мәртебе екендігін айтқан болатын.

“The Qazaq Times”