Ұзақ уақыт сақталған «тарихи» зеңге 90 жыл болған екен. Оның Bonhams аукционында сатылуы да бекер емес. Бұл зең пенициллинді алғаш тапқырлаған дәрігер Александр Флемингтің зертханасында пайда болған.

Зең арнайы дөңгелек ыдыста сақталған. Ал сыртына жабыстырылған қағазда танымал дәрігер Флемингтің қолтаңбасы бар. Бірақ дәл осы зеңге жасалған тәжірибе нәтижесінде танымал антибиотик анықталды деп айту қиын. Осыған ұқсас зерттеулер негізінде ондаған тәжірибе жасалған болатын.

Bonhams аукцион-үйінің жетекшісі Мэтью Хейлидің айтуынша, Флеминг зеңнің бұл түрлерін сол кездегі ғылым мен саясаттағы ең беделді деген өкілдеріне жіберген болатын, олардың ішінде Рим Папасы Пий XII, Уинстон Черчиль және Марлен Дитрих бар.

Атақты ғалым зеңнің емдік қабілетін кездейсоқ анықтаған. Бір ыдысқа орналастырылған вирус клеткалары зеңнің әсерінен әлсіреп, тіршілікке қабілеттілігін жойғандығын көргенде адам ағзасында да осылай әрекет ететіндігін тапқан. Кейін осы зеңнен пенициллин антибиотигі алынып, соғыс кезінде жаралаған жүз мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туған.

“The Qazaq Times”