Америкалық мамандар Американың торап желісінен ресейлік зиянкес программаның табылғанын хабарлады «The Qazaq Times» Parstoday-ға сілтеме жасап.

АҚШ президенті Барак Обама оны Ресей үкіметінің киберлік шабуылдарымен байланысты деп санайтын зиянкес программа сенбі күні Вермонт штатының электр стансасынан табылды. Америкалық басшылардың айтуынша, осы зиянкес программа табылған ноутбук стансаның торап желісіне қосылмаған болатын. Программа тез арада залалсыздандырылып, федералдық басшылар бұл мәселеден хабардар етілді. Мәскеу Америкаға қарсы кез- келген киберлік шабуылдарға араласуды теріске шығарды.