Астана әкімшілігінде қала тұрғындарына жұмыс уақытына байланысты жаңа кестені ұсынды. «Ашық диалог» жобасының аясындағы астаналық билік өкілдернің бұл бастамасы туралы ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында айтқан болатын.

Егер қала әкімшілігі мекемелердегі жұмыс уақытын 10-15 минуттық интервалмен бекітетін болса, таңғы және кешкі уақыттардағы толассыз кептелістердің алдын алуға мүмкін болар еді.

Сондай-ақ, министр әкімшіліктің бұл бастамасына қала тұрғындары тарапынан қолдау болса деп отыр.

Бұл тәжірибе әлемдің Токио, Берлин секілді қалаларында бұрыннан бар. Ал  Голландияда жұмыс уақыты таңғы 6-дан басталып, түскі 3-ке дейін жалғасады. Соның арқасында адамдар жұмыстарын ерте аяқтап, күннің жартысында босайды.

"The Qazaq Times"