2016 жылдың 17 қыркүйегінде Түрікменстанның астанасы Ашхабат қаласында ел басшысының қатысуымен жаңадан ашылған халықаралық әуежайдың тұсау кесер салтанаты өткен болатын.

Жақында ғана ашылғанына қарамастан, бұл құрылыс нысаны бүгінде «Шығыстың маржаны» деген атқа ие болып, ең әдемі әуежай ретінде Гиннестер рекорды кітабына енген.

Қанаттарын кеңге жайған сұңқардың бейнесінде жасалған 5 қабатты әуежай 192 мың шаршы метр аймақты алып жатыр. Бұл жерде негізгі терминалдар орналастырылған.

Әуежайдың барлық комплексі 1200 гектар жерде орналасқан. Ерекше дизайнда жасалған терминал мен әрқайсысы 3800 метр болатын ұшу жолағынан тұрады.

Әуежайдан шыға салысымен алдында ондаған фонтандардан құралған тағы бір архитектуарлық туындыны көруге болады.

"Шығыстың кереметінің" екі терминалы сағатына екі мың адамға дейін қызмет көрсете алады.

Биіктен қарағанда керемет бейнеге енетін бұл әуежайдың құрылысына 2 миллиард доллар қаржы жұмсалған екен. Бірақ бұл қаржы өзін толықтай ақтады деп сенімді түрде айтуға болады.

"The Qazaq Times"