АҚШ Мемлекеттік хатшысы Тилерсон 28 сәуір күні БМҰ-ның АҚШ ұйымдастырған аса маңызды бір жиналысында: "Әлемдегі әр ел Солтүстік Кореяға қысым көрсетуге дайын тұрсын, өйтпегенде, бұл әңгіменің арты қырғыншылыққа ұласады", – деді. Сондай-ақ,  ол тағы да: " Ол елді басып алу, арандатушылық сияқты жағымсыз әрекетке көшпейміз, бірақ, дипломатиялық келісімдер,  экономикалық санкциялар арқылы, тіпті, керек болса,  соғыс арқылы соққы беруге сақадай саймыз», –  деген сөзін хабарлаған болатын Қытайдың  sina.com сайты.
Әлем елдерінің не істей алатынын байқап көргендей, аспанға оқ атып емес,  зымыран ұшырып сынақ жасаға, онысы қаншама сәтсіз болса да, қаймықпастан жанталасып жатқан Солтүстік Корея көптеген елдерді алаңдатты. Әсіресе, АҚШ-ты қитығына тиіп отырғаны даусыз.

The Qazaq Times