Оңтүстік Корея «Yonhap» ақпараттық агенттігінің хабарлауына қарағанда, Оңтүстік Корея бірлескен әскери қолбасшылық штабы хабарлама жариялап, бүгін, 29 сәуір күні, сол жердің жергілікті уақытымен сағат 5:30-да Солтүстік Корея жаңа баллистикалық зымыран сынағын жасаған.

Солтүстік Кореяның Пиоңнан (Pyongnan) провинциясында ұшырылған баллистикалық зымыран бағыты солтүстік шығыс бағыт. Алайда, бұл зымыранның нақты қай жерге дейін жеткені әзірге белгісіз. Оңтүстік Корея Қорғаныс өкілдерінің айтуынша кезекті зымыран сынағы сәтсіз болған. Кей елдің ақпарат құралдарының айтуынша баллистикалық зымыран сол елдің территориясынан шықпай құлаған.

АҚШ жергілікті уақытымен жұма күні өткізілген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Солтүстік Кореяға қысым жасау туралы бастама көтерген болатын. Солтүстік Корея зымыран сынағы соы мәжілістен 3-4 сағат кейін жасалып отыр.

The Qazaq Times