Трамп үкіметі АҚШ-та өткен ғасырдың 70-80 жылдары қолданылған көне заң – «Болат импортын шектеу» ережелерінің қайта жаңғыртқан болатын. Трамп командасы бұл ережелердің ұлттық қауіпсіздік тұрғысында тиімді әлде тиімсіз тұстарына кең ауқымды тексеру жұмыстарын бастап кетті. Бұл АҚШ сауда саясатын кемелдендіріп, ұлттық экономиканың жандануына тың серпін береді деп күтуде.

АҚШ жергілікті уақытымен бейсенбі күні сөйлеген сөзінде Трамп : « Болат импорт-экспорты АҚШ экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін аса маңызды болып табылады. АҚШ бұл салада өзге елдерге әсте тәуелді болмауы керек», – деді. Бұл ережені қайта бекітуге қол қою рәсіміне АҚШ Болат өнеркәсібінің белді өкілдері қатыстырылған болатын.

Трамп үкіметі қайталай атқарылғалы отырған заң ереже, болат өндірісінен тартып, импорттық болат өнімдерінің шектеу шараларын өз ішіне қамтиды. Алайда 1995 жылдан бастап негізі қаланған Дүниежүзілік Сауда Ұйымы АҚШ-тың бұл заң-түзімін қолданыстан шығарып тастаған болатын. Шын мәнісінде ДСҰ-ның құрылуының мақсаты әр елдегі осындай импорттық шектеу шараларын бұзу үшін болатын. Трамп АҚШ президенттігіне келісімен сауда ұйымдарынан бас тарта бастады. Қазір Әлемдік Сауда Ұйымы құрылудан бұрынғы АҚШ-тың ұлтшыл экономикасын қолдайтын заңдарды іске қосуда.

Ақ үй өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта АҚШ үкіметі өзге салаларда да осындай заң ережелерді қайта жандандыруы мүмкін екен. Болат өнеркәсібі АҚШ экономикасының маңызды саласы. Өзгеде металл қорту салалары болсын АҚШ үкіметі көптен бері әлемдік бәсекелестеріне жол беріп келді. Айталық, болат қорту, түсті металл саласын қауырт арттырған Қытай, АҚШ-тың болат импортында басым салмақты ұстап келген болатын. Уашингтонның ендігі жүргізгелі отырған саясаты Қытай, Австралия қатарлы болат экспорты дамыған елдерге ауыр соққы болатыны белгілі.

The Qazaq Times