Қазақстан Жазуышлар одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі, жазушы Жәди Шәкенұлының «Қаралы көш» атты тарихи романына арналған конференция өтті.

Түркия қазақтарының көш жетекшілерінен Елісхан батыр Әліпұлының өмірін арқау еткен роман былтыр түрік тіліне аударылған еді. Кітаптың тұсаукесері 2016 жылы, 10 қарашада Стамбулда ТҮЯП халықаралық кітап жәрмеңкесінде өткен. Нұргүл Берікболова түрік тіліне аударған және сапалы түрде «Календер» баспасынан шыққан кітапқа оқырман ықыласы ерекше болды. Кітаптың түрік тілінде басылып оқырман қолына тиюіне мұрындық болған “Қазақ-түрік білім және зерттеу қоғамы (КАТЕАД) төрағасы Серкан Дінчтүрк те «әсіресе Түркиялық қазақтардың ұрпақтары болған жастар 2016 жылы, 12-20 қарашада бір апта бойы жалғасқан Стамбул халықаралық кітап жәрмеңкесіне келіп аудармашыға қол қойғызып кітаптан алып тұруы бізді қуантты. Шәкенұлының еңбегін аудартқанымыздың орынды болғанын дәлелдеді» деген болатын. Бұл туралы Ыстамбұл университетінің профессоры Әбдулуқап Қара мырза да кеңінен жазған еді.

Бұл жолғы конфененция да сәтті өтті. Оған кітап авторы Қазақстаннан арнайы барып қатысты. Сонымен қатар, Бурсада өткен кітап жәрмеңкесінде де «Қаралы көш» романы оқырмандардың жақсы бағасына ие болды.

“The Qazaq Times”