Құдайы көршіміз Өзбек елінің Монополияға қарсы комитеті "Өзтрансгаз" кәсіпорнының 2018 жыл мен 2019 жылдың алғашқы тоқсанында шаруашылық жүргізетін субъектілерге табиғи газ жеткізуден 188 млрд 200 млн сум (20 миллион доллардан астам) мөлшерде негізсіз тапқан пайдасын тұтынушыларға қайтартты.

Бұл туралы аймақтағы "Өзбектрансгаздың" бірнеше өкілдіктерін тексерген елдің Монополияға қарсы комитеті хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, аймақтардағы газбен қамтамасыз ету компаниялары тарифтерді заңсыз өсіргені анықталған.

Осыған байланысты аталған компанияларға қарсы "Табиғи монополия туралы" заңдардың бұзылуы бойынша қылмыстық іс қозғалып, негізсіз тапқан пайданы қайтарып беруге бұйрық берілген.

Бізден сәл ғана бұрын билік транзитін аяқтаған Өзбек еліне қарап отырып Орта Азияда дайым көш басында болғысы келіп, әр істің бастамасында жүретін Қазақстанда осы үрдістен қалмай, елдегі алпауыт компаниялармен кәсіпорындардың жұрттан жеген қақыларын қайтарса деген арман...

"The Qazaq Times"