«Украина Ресейге қарсы»: Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотында Қырым мәселесіне қатысты процесс басталды.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Қырым мәселесіне байлынысты сот отырысы жергілікті уақыт бойыша таңғы сағат 9:15-те басталған. Украина Ресейге қарсы арызды 2014 жылдың наурыз айының 14-і күні берген. Ресми Киев пікірінше, РФ 2014 жылдың 27-ші ақпанынан бастап Украинаның ажырамас бөлігі саналатын Қырым Автономиялық Республикасын өз бақылауында ұстап келеді.

Украина тарапы адам құқықтары мен бостандығы халықралық Конвенциясын алға тарта отырып арызданған. Олар Қырымда Украина мемлекетіне қызмет атқаратын құқық қорғау органдары мен әскери қызметкерлердің өліміне Ресей Федерациясының қатысы бар деп есептейді.

Ақпан айында Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты аталмыш істі ашық қарауды кейінге қалдырған. Сот «Ресей Қырымды Мемлекеттік Дума аннексиялау жөніндегі шешімді шығарғанға дейін бақылауына алды ма?» деген мәселені қарауы тиіс.

"The Qazaq Times"