Моңғолия президенті Солтүстік Корея басшысына телеграмма жіберді.

Халтмаагаийн Баттулга КХДР басшысы Ким Жоң Унға құттықтау телеграммасын жіберді. Онда ол ресми Пиоңяң мен Солтүстік Корея халқын ел тәуелсіздігінің 71 жылдығымен құттықтаған.

Телегарммада Моңғолия президенті екі ел қарым-қатынасы өз деңгейінде дамып келе жатқандығын және халықтар достығы уақыт өткен сайын күшейіп келе жатқандығын айтқан. Бұдан бөлек Баттулга аймақ тыныштығы мен бейбітшілік үшін бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін жеткізген.

"The Qazaq Times"