Қытайдағы «Әншімін» («Singer 2017») конкурсы соңғы мәресіне жақындап келеді. Соңына жақындаған сайын жарыс тіпті тартысты, тіпті қауіпті бола түсуде. Қауіпті дейтініміз, аталмыш өнер додасында қазақтың жас таланты Димаш Құдайберген бақ сынап жатыр. Тартыс қызған сайын, бәсекелестер де күшейіп, талғам биіктеп барады.

Димаш сегізінші кезеңде қытайлық өнерпаз Хан Хунның «Таң атты» әнін орындады. Алайда, ол бесінші орыннан көрінді. Әншінің төменгі орынға сырғуы оның денсаулығына байланысты болған. Естеріңізде болса, ол елге келіп қайтқан болатын. Ал, жетінші кезеңде ол «Даидидау» әнін айтып, қытай сахасын қазақтың ән әуенімен тербеген.

"The Qazaq Times"