Депутаттарға заңды қабылдауға уақыт жетпейді.

«Ведомости» және РБК: «Жылдамдықты тежеу»

«Ведомости» газетінің редакциялық шолуы мен РБК мәліметтері мемлекеттік дума қабылдайтын заңдар сапасына арналған. Басылымдар «Гарант» компаниясының осы тақырыптағы зерттеулері жайлы айтады, яғни олар 1994-2016 жылдар аралығындағы ресейлік заңдар корпусының жұмысына арналған статистиканы зерттеді. Зерттеулер Алексей Кудриннің стратегиялық дайындаулар орталығының тапсырысы бойынша жүргізілді.

22 жыл ішінде Ресей парламенті 6700-ден астам федералды заң қабылдады деп жазады «Ведомости». Оның 600-ге жуығы соңында алынып тасталған. Ал әр  төртінші заң алдында қабылданған заңға енгізілген өзгеріс ретінде қабылданған.

«Заңдарды дайындау мен қабылдаудағы асығыстық пен жүйесіздік Ресей заңнамасының сапасы мен азаматтардың құқықтық тәртібіне кері әсерін тигізуде» - деп қорытындылайды газет.

Дегенмен, саясаткер Екатерина Шульманның ойынша, заңдардың сапасын арттырудың негізгі тәсілі-бұл саяси бәсекелестік: ынтымақтастық болмаған жерде дауласу мен келісу қажеттілігі туындайды, көпшілік талқылауы мен сарапшыларды жұмылдыру керек болады. Нәтижесінде заң бәсең қарқынмен қарастырылады, қорытындысында ол мағыналы, жақсы талқыланып, сараптаудан өткен заң болып шығады деп санайды Шульман.

Ресей Федерациясына ЖҚТБ жұқтырған шетелдіктерді кіргізуге рұқсат беруі мүмкін.

«Коммерсант»: ЖҚТБ жұқтырғандарға елге кіруге рұқсат берілді ме?

«Коммерсант» газетінің мәліметі бойынша ЖҚТБ инфекциясын жұқтырған шетелдіктерге Ресейге кіруге рұқсат берілуі мүмкін. Бүгінгі күні олар тек жақын туыстары Ресей Федерациясының азаматтары болса ғана елге келуге құқылы. Вице-премьер министр Ольга Голодец  денсаулықты сақтау министрлігіне ЖҚТБ жұқтырғандар үшін елге кіру шарттарын қарастыру тапсырмасын берді.

Ресей елде азаматтығы жоқ, ЖҚТБ-мен тіркелген тұлғалардың жер аударуын жүзеге асыратын Еуропа Кеңесіндегі жалғыз және жер шарындағы 16 елдің бірі деп белгілейді газет.

Газет әлеуметтік саладағы қамқорлық сұрақтары бойынша кеңес мүшесі Петр Родионовтың түсінігін мысалға келтіреді. Оның ойынша, ЖҚТБ жұқтырғандар үшін шектеу шаралары кері әсерін тигізеді: мигранттар диагноздарын жасырады, сонымен Ресейде жасырын түрде өмір сүреді, тиімді медициналық көмекке мүмкіндіктері жоқ.

Қылмыс – коллекторлық қызметтен кетпей қойды.

«Коммерсант»: «Қатты қорқыту».

Ресейдегі коллекторлардың қылмыстық әрекеттері мәселелері  туралы «Коммерсант» газеті жазады. Басылымның мәліметі бойынша, 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда борышты өндіріп алушыларға түскен шағым саны 37 %-ға өсті, ол дегеніміз 4 мыңнан асады.

Дегенмен, қылмысты құраушылармен  әрекет үлесі 2 есеге азайғанымен, мәселе шешілген жоқ: кішігірім бұзықтардың істері тоқтатылды, бірақ ірі топтардың әрекеттері тоқтамады – оларды естіртіп айтпайды.

Егер қисынсыз қылықтар жасай алатын компаниялардың байланыстары жақсы болса, біз өтінішке жауап ретінде бұл мекеме тек қарыз береді, бірақ борышты өндіріп алумен айналыспайды деген жауап аламыз, -деп түсіндіреді «Коммерсант» парақшасында мамандандырылған коллекторлық агенттіктердің ұлттық қауымдастығының бас директоры Борис Воронин. Алайда бұл шынайылыққа жатпайтын жағдай. Жыл ішінде шағым түскен ірі бұзушылықтар- шағымның 60 %-ы – ол бар жоғы 2 «бірлестік»: микроқаржылық ұйымдар мен қарамағындағы коллекторлық агенттіктер.

Сарапшы олардың атауларын айтпайды, бірақ бұл ұйымдар «Көзделген қорқыту» саясатын жүргізіп отыр деп нақтылайды-ақпараттық жүйелерде балағаттар мен қорқыту үлгілері бар, онда тек қарызданушының аты-жөнін жазады, бұл-бизнесті принципті түрде жүргізу дейді. «Егер бұл «екі бірлестікті» таратып жіберсе, коллекторлық нарықтағы тазалық үшін күрес 80 %-ға жеңіске жетеді»-деп қорытындылайды.

Фариза Мұқанова

“The Qazaq Times”