Оңтүстік Корея Дональд Трамп пен Ким Жоң Унның (Ким Чен Ын) арасындағы тарихи кездесудің жүзеге асырылуы үшін АҚШ пен КХДР-ға араағайындық жасауға дайын. Бұл туралы Оңтүстік Корея президентінің әкімшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды lanouvellerepublique.fr агенттігі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, КХДР жетекшілігі Ким Жоң Ун мен Дональд Трамптың тарихи кездесулері болмай қалуы мүмкін екенін жариялаған еді. Корей басшысының бұлай айнып қалуына АҚШ-тың Солтүстік Кореядан ядролық қарудан бас тарту талабы себеп болған деседі.

Сонымен қатар,  16 мамыр күні КХДР мен Оңтүстік Корея елдері кездеседі деп жоспарланған болатын. Алайда, «өте жоғары деңгейде» өтеді деп жоспарланған сол кездесу де КХДР тарапынан қабылданбаған еді. Енді президент Мун Чжэ Иннің үкіметі түрлі жолдар арқылы қос Корея елі мен АҚШ арасында «араағайындық рөлге» белсенді түрде кірісуде.

“The Qazaq Times”