АҚШ президенті Дональд Трамп адвокаты Майкл Коэннің порноактриса Сторми ДэниэлскеТрамп пен ара-қатынасына қатысты тіс жармауы үшін оған келісімшартпен ақша төлегенін ресми түрде мойындады. Бұл туралы хабарды Би-Би-Си жариялады.

 Үкіметтік Этикалық кеңсесі Трамп бұл шындықты бұдан бұрынғы қаржылық есебі кезінде жасырмауы керек еді деп есептейді. Қаржылық есепте, Трамптың Коэнға 2016 жылы 100 мың мен 250 мың доллар төлегені көрсетілген. Ал, Сторми порноактриса Дэниэлске 130 мың доллар төленгенін жоққа шығарып еді.

Өткен айда Федеральды Барлау агенттігі Коэнның үйіне басып кіріп, Дэниэлспен жасаған келісімшартқа қатысты құжаттарды қолға түсірген еді. Осы оқиғадан кейін Коэнның құқықтық тергеуде екені анықталған болатын.

Негізгі есімі Стефани Грегори болғанына қарамастан Сторми Дэниэлс деген есіммен танымал порноактриса 2016 жылы Трамппен жеке қатынаста болғанын көпшілікке жариялаған еді. Ал, Трамптың адвокаты болса президенттің «өзіне қатысты айтылған осы әңгімені жоққа шығарғанын» мәлімдеген еді.

“The Qazaq Times”