Израиль Газа секторын бомбалады – деп хабарлайды Корреспондент интернет басылымы.

Израиль әскери әуе күштері мамыр айының 16-сынан 17-сіне қараған түні Газа секторындағы ХАМАС ұйымына қатысы бар аймақтарды бомбалаған. Израиль қарулы күштері таратқан мәлімет бойынша, әуе шабуылы Газа секторының солтүстік аудандарының бірінде орналасқан қару-жарақ шығаратын ғимарат пен әскери инфроқұрылым сақталған қоймаға жасалған.

Естеріңізге салайық, мамыр айының 13-і күні АҚШ өзінің Тель-Авив қаласындағы бас елшілігін Иерусалим шаһарына көшірген. Ресми Уашингтонның бұл әрекеті халықаралық дау туғызып, Палистина халқы жаппай ереуілге шыққан.  Израиль армиясымен қақтығыс кезінде 60-қа жуық адам көз жұмып, 2400-ден астамы жарақат алған.

“The Qazaq Times”