Бүгін бірқатар елдер Рамазан айының бірінші күнін өткізуде. Осыдан біраз күн бұрын Еуропалық пәтуа және зерттеу кеңесі (ECFR) өзінің ресми сайтында мұсылмандарды Рамазан айы үшін бірдей қадам жасауға шақырып, осы жылы оразаның 16 мамырда басталатынын хабарлаған еді.

Сонымен қатар, Түркия мен Ресейдегі көптеген мұсылмандық ұйымдар да астрономиялық есептерге сәйкес, 16 мамыр күні, яғни бүгін Рамазанның алғашқы күнін өткізуде. Ал Сауд-Арабиясы мен басқа да араб елдерінде қасиетті ай 17 наурызда басталмақ. Бұған дейін Рамазан айының нақты қай күні басталатыны отандастарымыздың да алаңдаушылығын оятқан еді. Алайда, ҚМДБ шешімімен Қазақстанда оразаның алғашқы күні 17 мамыр болып бекітілді.

“The Qazaq Times”