Иран ақпараттық агенттіктерінің бүгінгі хабарына қарағанда, Иран мен Ресей сыртқы істер министрлері бас қосып, Иран ядролық келісімі туралы көзқарастарын нақтылай түскен. Тараптар 2015 жылы қол қойған ядролық келісімді сақтап қалатынын жеткізген. Бұл туралы IRNA ақпараттық агенттігінің ресми сайты хабарлады.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Иран СІМ басшысы Жавад Зарифті қабылдаған кезде, Мәскеу билігі Иран ядролық келісімін сақтап қалатынын, Ұлыбритания, Германия, Франция және Қытай тарабы да бұны қуаттайтынын жеткізді. Ол және Иран ядролық келісімі туралы АҚШ-тан өзге төрт елмен пікір бірлігіне келгенін де айтып өтті.

Зариф аталған кездесуде, Теһран (Тегеран) тарабы  ядролық келісім бойынша АҚШ-тан тыс бес елмен толықтай келісімді сақтап қалатынын, бұл үшін жеке-жеке келіссөздер жүргізуге тура келетінін айтты. Ол сөзінде: «Алайда, АҚШ үшін халықаралық заңдар мен қағидаларды бұзу қалыпты іске айналып барады», – деді.

“The Qazaq Times”