7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. 1992 жылы 7 мамырда еліміздің жоғарғы бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев ұлттық қарулы күштерді құру туралы жарлыққа қол қойды. Осы тарихи оқиғаға байланысты жыл сайын аталып өтілетін мерекеде әскери қызметкерлерге шендер мен наградалар табыстау дәстүрге айналған. 

2012 жылы 4 қазанда Парламент "ҚР мерекелер туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы қабылдап, 7 мамыр мемлекеттік мереке мәртебесін алды.

Бүгін - Отанымыздың шекарасын күзетіп, бейбітшілігі бұзылмауына, тәуелсіздігі мәңгілікке жалғасуына үлес қосқан ардагерлердің, олардың ізін жалғаған жаужүрек ұлдардың, абыройы асқақ азаматтардың мерекесі. Сіздердің қауіпсіздік саласындағы айбынды істеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз. Бейбіт таңдарымыз таусылмасын!

“The Qazaq Times”