FIFA президенті Джанни Инфантино әлем чемпионатын екі жылда бір рет өткізуді ұсынды – деп хабарлайды Sky Sports  басылымы.

Sky Sports  мәліметінше, Джанни Инфантино FIFA Кеңесіне «Финал-8» деп аталатын кіші әлем чемпионатын өткізуге байлансты хат жолдаған. Онда ол  Конфедерация Кубогының орнына екі жылда бір рет кіші әлем чемпионатын өткізуді ұсынған. Инфантиноның ұсынысы бойынша, ұлттық құрамалар арасындағы кіші әлем чемпионаты 2021 жылдан бастап Еуропа чемпионаты, Америка және Африка кубоктарымен қатар өтетін болады. Қазірдің өзінде инвесторлар кіші әлем чемпионатын өткізуге 25 миллиард доллар қаржы бөлуге дайын.

Бұған қоса FIFA президентінің жоспары бойынша, «Финал-8» турниры аясында клубтар арасындағы әлем кубогы өткізіледі. Оған әлемдегі таңдаулы клубтар қатысатын болады.

“The Qazaq Times”