Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен тағы да жұдырық түйістірмек. Қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласы ұсынысты қабыл алса, биыл күзде шаршы алаңға тағы бір мәрте шығуға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы BoxingScene.com порталы мәлімдеді.             

Алыптар арасындағы алғашқы айқас тең аяқталған еді. Осыдан кейін, тараптар матч-реванш өткізуді ұйғарады. Қарымта кездесу биыл мамыр айына жоспарланған. Алайда мексикалық боксшының допинг қолданғаны анықталып, спорттан 6 айға шеттетілді. Қазір ол тек жаттығу жасап қана жүр. Осыған дейін барлық қарсыласын қоғадай жапырып келген Геннадий Головкин - өзімен тең түскен Сауль Альварес кезекті рет жолығудан тартынбаса, қыркүйек айында күш сынасуға тас-түйін дайын екенін жеткізді. Қазір тараптар арасында келіссөз жүріп жатқан көрінеді.

“The Qazaq Times”