Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Константин Зайтулин: «Қазақстанның өз жолы бар және олар Ресейдің саясатын ұстанбайды» – деп мәлімдеді.

Сәуір айының 14-і күні АҚШ, Ұлыбритания және Франция қарулы күштерінің Сүрияға жасаған әуе шабуылынан кейін «Россия-1» телеарнасында «Воскресный вечер с Владимиром Соловьевым» бағдарламасында Ресей Мемлекеттік Думасының ТМД, Еуразиялық интеграция және отандастармен қарым-қатынас комитеті төрағасының бірінші орынбасары Константин Зайтулин Сүрия мәселесіндегі Қазақстанның орны жөнінде пікір білдірді. Онда ол: «Егер Қазақстан жөнінде әңгіме қозғайтын болсақ. Шын мәнінде қазір Қазақстан баяу болса да қазақиландыру саясатын жүргізіп келеді. 1991 жылға дейін Қазақстанда орыстар саны көп болған. Бірақ қазір жағдай басқа. Олардың саны қазір керсінше аз. Қазақстан әу баста Украинамен салыстырғанда өзгеше жол таңдаған. Ол Ресеймен достық қарым-қатынас орнату арқылы өзінің ішкі саясатына араластырмауды қалады. Ресей өзін солай ұстады. Қазір Қазақстанда болып жатқан жағдайлар «басшының қартайуымен» байланысты. Біз Өзбекстанда не болғанын білеміз. Онда барлығы тыныш өткенімен Ислам Кәрімовтың отбасы билік тетіктерінен аластатылды. Оның үлкен қызы тірі ме, өлі ме әлі күнге дейін белгісіз. Назарбаев дәл осындай жағдай болғанын қаламайды. Бұған дейін АҚШ-та Самұрық Қазына ұлттық қорының 40 пайыз қаржысы бұғатталған болатын. Желтоқсан айында Назарбаев АҚШ-қа барып Ақ үй әкімшілігімен кездескен. Осыдан кейін Қазақстан қаржысы бұғаттан шығарылған. Алайда осы жерде айта кететін бір жайт бар, Назарбаев осыдан кейін Ресейге келіп, өз қадамдарын түсіндіргендей болған. Бірақ қаржы бұғатынан бөлек белгілі бір келіссөздер болған сияқты. Қазақстанның халықаралық аренада өзінің жолы бар және олар Ресейдің саясатын ұстанбайды» - деген.

“The Qazaq Times”