АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли АҚШ қарулы күштері Сүрия жерінен тек 3 түрлі шарт орындалғанда ғана шегініп шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.

Никки Хели сөзінде: «Сүриядан 3 шарт орыналмай тұрып шегінбейміз. Ең әуелі химиялық қару қолдануға жол бере алмаймыз; ДАИШ толығымен жойылуы керек; Сүрия жерінде Иранның бақылауында аймақтың болмайтынына көз жеткізуіміз керек», – деді.

Никки Хейли  CBS арнасына берген сұхбатында, Құрама Штат тарабы Сүрияға толықтай араласпайтынын, АҚШ әскерлерін барынша тезірек үйіне қайтаруға тырысатынын тек аталған үш шарттың орындалуы керек екенін айтқан.

 “The Qazaq Times”