«Ресей президенті Владимир Путин мен Иран президенті Хасан Рухани, кеше, 15 сәуір күні телефон арқылы сөйлесті», деп хабарлайды Би-Би- Си ақпарат агенттігі.
Осыған сәйкес, Кремльден жасалған мәлімдемеде, Путиннің АҚШ, Ұлыбритания және Франция тарапынан Сүрияға жасалған әуе шабуылы арқылы «БҰҰ Келісімшартының бұзылғаны туралы айтқаны хабарланды. Аталған мәлімдемеде, Путиннің Руханиге БҰҰ Келісімшартын бұзған осындай оқиғалар қайталанған жағдайда, халықаралық бүлік орын алатынын ескерткені, сондай-ақ, екі ел басшысы осы шабуылдың салдарынан Сүрия
мәселесінің саяси тұрғыдан реттелуіне зиян келтірілгені туралы бірдей көзқараста екені де хабарланды.

“The Qazaq Times”