"Сауд Арабиясының астанасы әр-Риадта үш алапат жарылыс орын алды. Сауд Арабиясы қорғаныс жүйелері әр-Риадқа атылған баллистикалық зымырандарға қарсы қимыл көрсетті", - деп хабарлайды халықаралық ақпарат агенттігі Рейтер.

"Әл-Арабия" агенттігі де Сауд Арабиясы әуе қорғаныс жүйелерінің ел астанасы әр-Риадқа атылған зымыран шабуылдары туралы ақпаратты жоққа шығармауда.

Аталған агенттік, әскери күштердің бүгін Йеменнен келген 2 пилотсыз ұшақты шекара маңында атып түсіргенін де хабарлады.

Сауд Арабиясының жетекшілігіндеі одақ күштерінің өкілі командир Турки әл-Малики, Йемендегі хүситтер тарапынан ұйымдастырылған баллистикалық зымыран шабуылының жойылғанын хабарлады.

“The Qazaq Times”