«Алжирдегі  әскери ұшақ апат салдарынан кем дегенде 257 адам көз жұмды» , - деп хабарлайды «Рейтер» ақпарат агенттігі «Ennahar TV» телеарнасына сілтеме жасап.

Ил-76 әскери ұшағы Алжир астанасына жақын маңда орналасқан авиабазадан ұшып кеткеннен кейін құлаған. Апатты оқиға Буфарик әуежайына жақын жерде орын алған. Апаттың себебі әзірге белгісіз.  «Би-Би-Си» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандардың 10-ы экипаж мүшелері.

«Франс Пресс» агенттігі ұшақ апатынан тірі қалғандар бар деп хабарлауда. Әуе кемесінде болғандардың аты-жөндері анықталу үстінде.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Алжирде ұшақ апаты болған еді. «Әл-Арабия» агенттігінің мәліметінше, ұшақ елдің солтүстігінен оңтүстік-батысына бағыт алған. Сол елдің Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жолаушылардың көпшілігі әскерилер мен олардың туыстары.

“The Qazaq Times”