"Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Шығыс Гутада болған қанды қырғын туралы телефон арқылы сөйлесті" , - деп хабарлайды «timeturk.com» ақпараттық сайты.

Екі елдің де президент аппараттарының хабарлауынша, сөйлесу барысында екіжақты қатынастармен қатар, Сүриядағы соңғы оқиғалар да талқыланған. Ердоған Дума мен Шығыс Гутадағы шабуылдарға қатысты өзінің алаңдаушылығын білдіріп, бейбіт тұрғындардың өліміне себепкер болған осындай оқиғалардың азайтылуы мен оларға гуманитарлық көмектер жеткізілуі үшін бірге әрекет етудің маңыздылығын да атады.

“The Qazaq Times”