АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон отставкаға кетті – деп хабарлайды CBS News телеарнасы.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Рекс Тиллерсонның отставкаға кеткені жөнінде ел президенті Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасына жазған. Онда ол: «СIA (ЦРУ) басшысы Майк Помпео біздің жаңа мемлекеттік хатшымыз болады. Ол фантастикалық жұмыстар істейді. Рекс Тиллерсонға қызметі үшін рахмет. Жина Хаспел СIA-дың жаңа директоры болады. Барлыған құттықтаймын» - деген.

Бұдан бөлек Дональд Трамп  Рекс Тиллерсонның отставкаға кетуіне байланысты «CBS News» телеарнасына берген сұхбатында: "Біз өте жақсы тіл табыстық. Бірақ көзқарастарымыз қайшы болды. Екеуміз екі түрлі ойладық, Тиллерсонның отставкаға кетуін мен ұзақ уақыттан бері айтып келемін. Рекс енді әлдеқайда бақытты өмір сүретін шығар" - деген.

“The Qazaq Times”