Ресей Қорғаныс министрлігі екі күн бұрын жасаған мәлімдемесінде, «гипер жылдамдықта» ұшатын зымыранды сәтті сынақтан өткізгенін мәлімдеді. Мәліметтерге қарағанда, бұл зымыранның жылдамдығы дыбыстың таралу жылдамдығынан 10 есе тез. Осыдан бұрын РФ президенті Путин әлемнің кез-келген нүктесіне шабуыл жасай алатын және әуе қорғанысы тосып қала алмайтын ядролық қаруды сәтті түрде жетілдіргендерін айтқан еді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің видеосын жариялаған, әрі зымыранның көздеген нысанаға дәл тигенін айтқан. Путин наурыздың бас шенінде «Қанжар»  (Кринжал) ракетасы туралы айтқан сөзінде, елде зымырандардың «жаңа ұрпақтары» жасалып шыққанын мәлімдеген еді. Эксперттердің айтуынша, «Қанжар» бұрынғы «Ерскендір» зымыранының жаңартылған үлгісі. Ол ғаламшардың кез-келген нүктесіне радарға түспей тұрып шабуыл жасай алады делінген.

«МиГ-31» әскери ұшағынан атылған зымыран. Фото: BBC.

Бұған дейін Ресей президенті АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін Еуропа жеріне орнату туралы жоспарына қарсылық танытқан еді. Ал, бұл жолы Ресей өндірген «Қанжарды» америкалық «Саад» қорғаныс жүйесі ұстап қала алмайтынын білдіріп отыр. АҚШ тарабы болса зымыранға қарсы қорғаныс жүйелері Ресейге бағытталмағанын айтады.

Қазір әлемдегі ең кемелді қорғаныс жүйесі ретінде америкалық "Thaad" пен ресейлік "С-400"-ді айтуға болады. Ресейдің жаңа зымырандары бұл қорғаныс жүйелерінің әлеуетінен асып түскен болса, алдағы уақытта екі елдің де әуе қорғаныс саласын жарыса жетілдіретінін анық. Державалар арасындағы бәсеке тоқтап қалмаса, "Қанжарды" да құрықтайтын әуе қорғаныс жүйесі де көп өтпей пайда болуы ғажап емес.

“The Qazaq Times”