Владимир Путин Ресей АҚШ-тың ішкі саясатына араласқан емес – деп мәлімдеді.

Владимир Путин АҚШ-тың NBC News телеарнасына берген сұхбатында: «АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасы жақсы емес. Халықтың бұл қарым-қатынасқа өзінің көзқарасы бар. Ресей Федерациясы үкіметтік, президенттік деңгейінде  АҚШ-тың ішкі саясаты мен сайлауына  араласқан емес және араласпайды да. Сіздер біреулердің аты-жөнін айтасыздар. Олар орыс болғанымен америкалық компанияларға немесе президенттік сайлауға қатысқан үміткерлердің біріне жұмыс істейтін шығар. Мен бұл жайында білмеймін. Бұл менің шаруам емес» - деген.

“The Qazaq Times”