НАТО 45 мың жауынгердің қатысуымен Ресей шекарасына жақын маңда әскери оқу-жаттығу өткізбек. Бұл туралы Түркияның «Анадолы» ақпараттық агенттігі өз сайтында хабарлады.

Аталған мәлімет НАТО-ның өкілдер мәжілісінде жасалды. АҚШ Теңіз күштерінің бас қолбасшысы, армия генералы Робберт Неллер мәлімдеме жасап: «Биылғы жылы НАТО ауқымды әскери жаттығуға дайындалып отыр. Жаттығудың ең үлкені қазан айында өтетін болады. Бұл «Қырғи қабақ соғысы» кезінен бері қарай НАТО өткізген ең үлкен әскери жаттығу болады», – деді.

Мәліметтерден белгілі болғандай бұл жаттығуға ондаған авиаматка (ұшақ тасымалдаушы кеме/авианосец) және озық соғыс ұшақтары қатысады. Жаттығу Норвегия жағалауларында өтетін болады.

“The Qazaq Times”