Қызметке тағайындалғанына 14 ай толмай жатып, Ақ үйдің ұлттық экономика кеңесінің төрағасы Гари Коэн (Gary Cohn) отставкаға кетті. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.

Коэн мәлімдемесінде: «Өз еліне еңбек ету үлкен даңқ.  Маған осындай орай бергені үшін президент мырзаға алғысымды білдіремін. Америкалықтарға пайдалы ұлттық экономикалық саясат жасалып жатыр, әсіресе тарихи тұрғыда жаңа салық реформасы іске асуда. Мен Трамп пен оның үкіметіне сәттілік тілеймін», – деді.

Трамп өз кезегінде Коэнді  экономикалық кеңесші ретінде іскер тұлға, өз саласындағы «сирек кездесетін талант иесі» деп мақтаған еді. Әрі оның америкалықтар үшін жасаған адал қызметіне алғыс білдірді. Ақ үйдің штаб бастығы Джон Келли де Коэн туралы алғыс және мақтау сөздер айтты.

Дегенмен, Коэнның жұмыстан кетуіне Трамп үкіметінің жақында жариялаған жаңа саясаты себеп болды.  Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп болат пен алюминий импортына жаңа тарифтер енгізу туралы шешім қабылдады. Бұған Ұлттық экономика кеңесінің төрағасы Коэн қарсылық білдірген еді.

“The Qazaq Times”