Болгариялық маман Станимир Стойлов футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

Станимир Стойлов 2014 жылдан бері «Астана» футбол клубын жаттықтырды. Ол осы уақытқа дейін «Астана» ФК бірге төрт рет Қазақстан чемпионы атанды, үш рет Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнады, биыл дәл осы турнирде тұңғыш рет 1/16 финалға шықты.

Стойловқа дейін Қазақстан құрамасын басқарған ресейлік бапкер Александр Бородюк Ұлттық құрама 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде төмен нәтиже көрсеткені үшін қызметінен босатылған. Бородюктың басқаруында Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу ойындарында 10 ойын өткізіп, үш ұпай ғана алған.

“The Qazaq Times”