Осы жылдың қаңтар айында Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 625,7 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 12,5 пайызға жоғары. Бұл жөнінде Ranking.kz сараптама агенттігінің есебінде жазылды. 

Ең жоғары жылдық өсім Алматы облысында тіркелді - өңірде бөлшек сауда көлемі 23,6 пайызға немесе 25,2 млрд теңгеге жеткен. Екінші орында 16,2 пайыз немесе 61,7 млрд теңгеге дейінгі өсіммен Қарағанды облысы тұр. Оңтүстік Қазақстан облысы 16 пайыз, 30,5 млрд теңгеге дейінгі көрсеткішпен үшінші орында.

Қазақстстандықтар сатып алған тауардың 31 пайызы - азық-түлік болса, 69 пайызы азық-түлікке жатпайтын тауарлар.

Бөлшек сауда жасағандардың арасында ауыл тұрғындарының үлесі - 8 пайыз, былтыр бұл көрсеткіш 7 пайыз болған.

Ал әр тұрғын бөлшек саудада орташа есеппен 60 мың теңге қаржы жұмсаған және бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 10,4 пайызға жоғары.

Сондай-ақ, ең көп қаражат жұмсалған өңірге келер болсақ, алматылық бір тұрғын орташа есеппен 109,3 мың теңгеге тауар сатып алған, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 8,1 пайызға жоғары.

“The Qazaq Times”