Krisha.kz сарапшылары Қазақстанда үйлер ең арзан тұратын бес қаланы анықтады.

Бесінші орында Өскемен қаласы. Бұл қаладағы үй сатушар пәтердің шаршы метрін 165,4 мың теңгеге бағалаған. Бұл Алматы және Астанадағы бағамен салыстырғанда екі есеге арзан. Шығыс Қазақстан облысының орталығынан аумағы 40 шаршы метр болатын үйді 6,6 млн теңгеге, ал үш бөлмелі пәтерді 13,2 млн теңгеге сатып алуға болады екен.

Рейтинг бойынша төртінші орында Семей қаласы тұр. Қаладан бір бөлмелі пәтерді 6,4 млн теңгеге сатып алуға болады. Ал үш бөлмелі пәтерді сатушылар 12,8 млн теңгеге бағалаған. Осылайша Семейде үйдің шаршы метрі орташа есеппен  160,4 мың теңгені құрады.

Ал Павлодарда үйдің шаршы метрі 159,5 мың теңге және осы бағамен үшінші орында тұр. Екінші орында Ақтөбе. Бұл қалада пәтердің шаршы метрі шамамен 155 мың теңге.

Үй тым арзан тұратын өңір - Тараз. Мұнда пәтердің шаршы метрі 151,9 мың теңге шамасында.

Айта кетейік, 2017 жылы қазақстандықтардың үй сатып алуға деген белсенділігі 26 пайызға артқан. Мысалы үйді сату-сатып алу бойынша 239,6 мың келісім жасалған. Келісім ең көп жасалған қалалар Астана (14,6 пайыз), Алматы (14 пайыз), Қарағанды (10,4 пайыз).

“The Qazaq Times”