CNN ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, осыдан 11 ай бұрын Марк МакМоррис (Mark McMorris) жағы сынып, көкбауыры жыртылып, іштен қан кетіп, бірнеше жерден сүйегі сынып, өкпесі зақымданған күйде тікұшақта ауруханаға ұшып бара жатқан болатын.

фото: snowsportsculture.com

Канадалық сноубордшы қозғалысын бақылай алмай қалып, үлкен жылдамдықпен ағашқа барып соққаннан кейін "Біткен жерім осы болды деп ойладым" деген. Бірақ 11 ақпан күні Пиоңчаңда (Pyeongchang) өткен ерлер арасындағы сноуборд слоупстайлдан қола медальды жеңіп алды.

24 жастағы МакМоррис Ресейдің Сочи қаласында өткен 2014 жылғы қысқы олимпиада кезінде де қола жүлдеге ие болған. 2016 жылы ол жамбас сүйегін сындырып алып, метал стержень орнатқан болатын.

Қола жүлдеге ие болған Марк "соңғы жарақатымнан кейін қалпыма келіп, осында тұруым мен үшін ерекше сезім" деді.

фото: snowboarding.transworld.net

Канаданың сноуборд тарихында бір категориядан екі медальды қатарынан жеңіп алу (әріптесі Макс Пэррот (Max Parrot) күміс иеленді) бірінші рет болып отыр.

“The Qazaq Times”