Алматы қаласының Visit Almaty туристік ақпараттық орталығы «Алматы 72» деп аталатын жаңа туристік бағдарлама  жасап шығарды. Бұл бағдарлама Алматыға келген туристердің 72 сағатқа немесе одан да көп уақытқа дейін саяхатына арналған.

Алматыға келген әрбір туристің қолына әмбебап тізім ұсынылады және саяхат барысында 72 сағат, яғни 3 күн қалада мыңдаған ұмтылмас әсер қалдырады. Тізімге Алматы қаласының басты көрікті жерлері кіреді. Олар: Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ шаңғы орталығы, Көк базар, мұражайлар және т.б. Туристерге қазақтың ұлттық  тағамдары мен қатар  әлемге әйгілі Алматы апортынан дәм татуға болады. Нұсқаулық барлық шетелдік туристерді 100% ақпараттандыру үшін шекаралық және кедендік бақылауды өту кезінде туристерге арналған тізім көрсетілген паспортқа салынады.

«Алматы 72» бағдарламасы  үш тілде жарық көріп, әуежайда, теміржол станцияларында, Visit Almaty ақпараттық стендтерінде және орталықтың серіктестерінің 40-тан астам нүктелерінде тегін таратылады.

2018 жылы Visit Almaty командасы Алматыны алға жылжыту стратегиясын жүзеге асыру және туристерге арналған бірегей қала ұсынысын әзірлеу бойынша жұмысын жалғастырады.  Халықаралық көрмелер мен роуд-шоуларға қатысу, корпоративтік сайттың нұсқасын іске қосу сынды бірнеше ауқымды іс-шара жоспарланған.

“The Qazaq Times”