Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайнды Пиоңяңға шақырды – деп хабарлайды ВВС ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, ақпан айының 10-ы күні Оңтүстік Кореяның Пиоңчаң қаласында өткен кездесуде Ким Жоң Унның қарындасы Ким Е Чон Мүн Жайнге шақыру хатын табыстаған. Хатта Ким Жоң Ун Оңтүстік Корея президентін жақын уақытта Пиоңяңға ресми іс-сапармен келуге ұсыныс жасаған.

Естеріңізге салайық, 10 ақпан күні Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайн Ким Е Чон бастаған Солтүстік Корея делегациясын қабылдаған болатын. Бұл корей соғысынан кейін жоғары лауазымды саясаткерлердің қатысуымен болған алғашқы кездесу және Ким Жоң Ун отбасы мүшелерінің Оңтүстік Кореяға жасаған тұңғыш ресми іс-сапары.

“The Qazaq Times”