10 ақпанда Түркіменстанда доллар бағамы 14-15 манатқа дейін өсті. Артынша азық-түлік бірден қымбаттады. Бірінші кезекте импорт өнімдерінің бағасы өскен, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі. 

"Хроника Туркменистана" басылымының мәліметінше, 5 литрлік күнбағыс майы 46-дан 58 манатқа (шамамен 4350 теңге), бір келі қант бағасы 5-ден 7 манатқа (662 теңге)өсіп кеткен.

Қазақстан ұнының бағасы екі есеге - бір келі ұн 2 манаттан 4 манатқа дейін өскен. 6 келілік Persil кір жуғыш ұнтағы 65 манаттан 96 манатқа бірақ көтерілген.

Жергілікті «Ахал» майы 5-ден 8 манатқа қымбаттаған.

“The Qazaq Times”